Париж Олимпиадасына ең көп спортшы апаратын ел белгілі болды

Париж Олимпиадасына ең көп спортшы апаратын ел белгілі болды
фото: pexels.com

Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ең көп спортшы апаратын елдер тізімдігі белгілі болды.

kaz.inform.kz жазғанындай, бірінші орында АҚШ құрамасы тұр. Олар Олимпиада ойындарына 592 спортшыны апармақ. Ал екінші орын шаршы алаң қожайындарының еншісінде. Жергілікті жанкүйерлер өздерінің 587 спортшысына үміт артып отыр. Сонымен қатар спортшылар саны жағынан үздік үштікті Австралия құрамасы түйіндеп тұр. Олар 468 спортшысына үміт артып отыр.

Ал Қазақстан құрамасы әзірге 80 жолдамамен ең көп спортшы апаратын елдер қатарында 38 орынды түйіндеп тұр.

Ең көп спортшы апаратын елдер тізімі:

1- АҚШ — 592 
2- Франция — 587
3- Австралия — 468
4- Германия — 425
5- Жапония — 411
6- Қытай — 398
7- Испания — 382
8- Италия — 366
9- Ұлыбритания — 327
10- Канада — 318
11- Бразилия — 277
12- Нидерланды — 258
13- Польша — 211
14- Жаңа Зеландия — 196
15- Венгрия — 175
16- Бельгия — 164
17- Египет — 153
18- ЮАР — 149
19- Оңтүстік Корея — 144
20- Украина — 138
21- Аргентина — 136
22- Ирландия — 132
23- Швейцария — 127
24- Дания — 125
25- Швеция — 117
26- Чехия — 113
27- Индия — 113
28- Сербия — 112
29- Мексика — 107
30- Норвегия — 107
31- Румыния — 107
32- Түркия — 102
33- Греция — 101
34- Колумбия — 89
35- Израиль — 88
36- Нигерия — 87
37- Өзбекстан — 86
38- Қазақстан — 80