фото: pixabay.com
Ұлттық тестілеу орталығы «көпбалалы отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынды, деп жазды kaz.inform.kz.
Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар квотасы — 5%.
Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5%-ы осы квотамен беріледі.
Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген.
Оның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған.
«Көпбалалы отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін талапкер 18 жасқа толмауы керек.
Отбасында кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті болуы керек.
Мысалы, талапкердің өзі (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті).
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына жүгінуге болады. Олардың байланыс нөмірі мына сілтемеде жарияланған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через