Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды

Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды
фото: © Photo : ҚР ҰҚК

Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесті. "Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруды және осы мақсатта адамдарды тартты деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматы мен 1 шетелдікті ұстады. Ұсталғандар қамауға алынды",- делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитеттің мәліметінше, олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын.

Тағы екеуіне қатысты "ауыр" есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚазАқпарат