Димаш Құдайберген қыркүйекте Астанада концерт өткізетінін хабарлады

Димаш Құдайберген қыркүйекте Астанада концерт өткізетінін хабарлады
фото: © Photo : Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желісінен алынды

Күзде Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшы келеді деп жоспарланған. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді", – деді Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әншінің айтуынша, билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.

ҚазАқпарат