фото: https://pixabay.com/ru/
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік басшысы Асхат Жұмағали жарты жылдықтың қорытындысы бойынша агенттіктіктің атқарған жұмысы туралы айтты.
Агенттіктің мәліметінше, биыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 58 адам әшкереленді, 34 адам сотталды.
Мәселен, Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, осы жылдың 11 шілдесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалық медициналық орталықтың дәрігері Мәкішевке қатысты үкім шығарды.
Ол науқастан жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін 500 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через