фото: © Photo : Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ТЖ комитеті
Қазақстаннан Моңғолияға бара жатқан тұрақты автобус РФ Алтай Республикасы аумағында өртеніп кетті.
Алтай Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram каналының хабарлауынша 20 шілде күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:13-те (Астана уақытымен 04:13-те) тұрақты автобустың өртенгені туралы хабарлама түскен. Автобус Астана – Баян-Өлгей (Моңғолия) бағыты бойынша жүріп бара жатқан.
"Салонда 50 адам болған, оның 15-і бала, барлығы өз бетімен эвакуацияланған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. Көлік қозғалысы шектелген жоқ. Жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через