Астана ШЫҰ саммитіне қалай дайындалып жатыр

Астана ШЫҰ саммитіне қалай дайындалып жатыр
фото: pixabay.com

3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетіні белгілі. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары өзара іс-қимылдың кең ауқымды өзекті мәселелерін қарастыруға ниетті. Елорда құрметті меймандарды күтуге, жалпы, маңызды шараға қалай дайындалып жатыр? Kazinform агенттігі тілшісі арнайы фоторепортаж жасап көрді. 

Саммиттің ашылу қарсаңында Астана халықаралық дипломатияның нағыз орталығына айналды. Елорда әуежайы аумағынан бастап шаһардың түкпір-түкпірінде дайындықтың жоғары деңгейі сезіліп тұр. Мәртебелі қонақтарды қарсы алу үшін ШЫҰ рәміздері мен сәлемдесу жазулары бар үлкен баннерлер әзірленіп, мерекелік көңіл күй қалыптастырады.

ШЫҰ саммиті кезінде елорда әуежайы мен вокзалдарда тәулік бойы күшейтілген жұмыс режимі қамтамасыз етілмек. Бұл ретте, қосымша өндірістік персонал мен диспетчерлік қызметкерлер тартылады. Бұдан бөлек, 100-ден астам қызметкер мен ерікті жұмылдырылмақ. 

ШЫҰ

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Саммитке келетін президенттер мен үкімет басшылары делегацияларына ыңғайлы болу үшін елордада барынша қолайлы жағдай жасалған. Барлық жолдар жөнделіп, көшелер тазаланған.

Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Орталық көшелерге жаңа ағаштар, гүлдер мен бұталар отырғызылған.
Саммит өтетін орын ретінде Тәуелсіздік сарайының таңдалуы тегін емес. Онда көптеген жылдар бойы әртүрлі форматтағы көптеген маңызды мемлекеттік және халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ғимараттың өзі және оның айналасы Қазақстан астанасының символдық рәміздерінің бірі болып саналады.
Бүгінде сарай маңында соңғы дайындық жұмыстары аяқталды. Ғимарат қатысушы елдердің туымен безендірілген, бұл - интернационалдық бірлік пен халықтар достығы аурасын қалыптастырады. Орталық даңғылдар мен алаңдар да ШЫҰ рәміздері бейнеленген үлкен баннерлер және тулармен безендірілген.

ШЫҰ

Фото: KazinformшыұФото: Kazinform

Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайына қарама-қарсы Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында әлемдік агенттіктердің журналистеріне арналған баспасөз орталығы орналасады.

шыұ

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Саммиттің жоғары мәртебесін ескере отырып, полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Қала тыныштығын сақтайтын тәртіп сақшыларының саны артып, бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау күшейтілген. Қалаға кіреберіс аумақтарда «Рубеж» стационарлық полиция бекеттері орнатылған, онда құжаттар мен көліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріледі. Сонымен қатар, саммит барысында әуе қауіпсіздігі де күшейтіледі.

ШЫҰ

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Полицейлер шетел делегацияларының көлікпен өтуі кезінде елорданың басты көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін ескертті. Дегенмен, қала толығымен жабылмайтынын атап өткен жөн. 

ШЫҰ

Фото: Солтан Жексенбеков / KazinformПирамидаФото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Десе де, қала әкімдігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін және көлік кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға 2-4 шілде аралығында қызметкерлерінің 70%-ға дейінін қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруды ұсынды. 

ШЫҰ

Фото: Агибай Аяпбергенов / KazinformШЫҰФото: Виктор Федюнин / Kazinform

Балабақшалар жабылатынын еске салған жөн. Сондай-ақ Астанадағы бірқатар орталық көше бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады. 

ШЫҰ

Фото: KazinformШЫҰ туыФото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне орай тұрғындарға үндеу жасап, саммит өтіп жатқанда террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізілетін мәлімдеді.