фото: https://pixabay.com/ru/
Rainman есімімен елге танылған Алтай Айнабек Аралға су құю процесінің сәтті өтіп жатқанын баяндады.
Ол бір жылдық жауын-шашынның есебін берді.
Аралдың тарихында қазірдің өзінде жауын рекорды тіркеліп, бір жылдық жауын-шашын нормасы жауды. Ол дегенің, 68 000 км екі теңіздің үстіне шілдеге қарамай, қуаңшылық болғанына қарамастан, 100 мм кемі су жауын түрінде түсті.
Ал жұмыстар басталар алдын мен парақшамдағы бір видеомда ескерткендей, периферияда да жауын болады, өйткені, жауынды Арал теңізінің үстіне локализациялау этапына өткен жоқпыз. Ол кезде нәтижелер бұйырса тіпті керемет болайын деп тұр.
Біздің жағдайда, периферия деген Аралға су беретін Сырдария мен Амудария өзендері, және басқа аймақтар. Жер асты су деңгейі де артуда. Көрші елдер бұрынғыдай Аралға суды қысып беруге мүмкіндігі де болмай отыр. Яғни, амалсыз суды Аралға “сброс” жасауда, Аралға қайтаруда, барлығына су жетіп артылып жатыр.
Кеше Сушар министрі арнайы Қызылорда облысына келіп, “Солтүстік Аралға құйылатын су көлемі 12,5 есе артты”, деп мәлімдеді. Меніңше ол әлі де аз көрсеткіш. Бұйырса су одан да көп келеді, өйткені, соңғы жауындардың сулары әлі Аралға жетіп үлгерген жоқ.
Алтай Айнабек жұмыс процесінің аяқталу уақытының жақын екенін де жазды.
Осы постпен сіздерге бір нәрсені айтқым келеді, жобаның басталу уақытын біз белгілеген жоқпыз. Сушар министрлігі, болжам бойынша жауын аз болатын кезеңді таңдады. Және де, бірінші этаптың аяқталу уақытын да аталмыш министрлік шешеді. Біздің ойымыз бен әрекетіміздің барлығы - бұлт және жаңбырмен Аралға су құю ғана,- деді ол жазбасында.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через