фото: https://pixabay.com/ru/
Республикалық дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
"Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді", - дейді ведомсто.
Соттың санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через