Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты

Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты
фото: Фото: жеке архивтен

Алматыда "Мизам" базарынан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 16 шілде сағат 16:59-да болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен.

"Көлік кептелісіне қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетті. Сауда бутиктері, яғни екі деңгейлі контейнерлер өртенген. Өрт туралы хабарлама кеш түсті", - дейді ведомство.

Сондай-ақ тез жанатын заттың көптігінен тілсіз жау тез тарап, біраз жерді күлге айналдырған.

ҚазАқпарат