Алматыда мәңгілік алау қалалық газ құбырына қосылды

Алматыда мәңгілік алау қалалық газ құбырына қосылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау қалалық газ құбырына қосылды.

Бұрын оны жағу үшін сұйытылған газ пайдаланылды.

"1975 жылдан бері газбен қамтамасыз ету жабдығы жаңартылмаған. Қазіргі заманғы қондырғыларға көшу алаудың үздіксіз жануын қамтамасыз етеді", - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

ҚазАқпарат