6 өңірдің түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады

6 өңірдің түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады
фото: https://pixabay.com/ru/

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері үшін маңызды ақпаратпен бөлісті.

"Бұл өңірдің түлектері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады. 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді", - делінген орталық хабарламасында.

Айта кетері, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқуға түсушілері үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.

ҚазАқпарат