фото: https://pixabay.com/ru/
Көлік министрі Марат Қарабаев жол бойындағы бір дәретхананы салуға және күтіп ұстауға кететін қаржының көлемін жариялады.
Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 108 жаңа дәретхана орнатылды. Биыл тағы 48-і қойылады.
"Ондай дәретхананың бағасы аумағына және орналасқан жеріне байланысты. Басында 8 милллионнан болды, қазіргі бағасы 8-18 миллион теңге болып тұр", – деді Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте.
Ал бір дәретхананы күтіп ұстауға 300 мың теңге кетеді. Екі адам кезек-кезек жинайды, немесе бір адам қарауы мүмкін.
"Ондай жүйе тиімсіз, сол себепті дәретханаларды жанар-жағармай құю станцияларында, немесе дәмханаларда көптеп ашуға басымдық беріледі. Ал дәретханалар сервистік және туристік нысандарда ашылса, олар өздері күтіп ұстайды", – деді министр.
https://informburo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через