фото: https://pixabay.com/ru/
Курорттық демалысты сүйетіндердің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстік астанасына баруды жөн көреді.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық.
2024 жылғы қаңтар-наурыз деректері бойынша ең танымал курорттық аймақ - Алматы тау кластері. Оған аталмыш уақыт аралығында 551,9 мың турист келген.
Келесі танымал орындар тізбегі:
Щучье-Бурабай курорттық аймағы - 69,1 мың турист.
Маңғыстау курорттық аймағы - 57,5 мың келуші.
Түркістан туристік аймағы 26,1 мың адам
Алтай курорттық аймағы 20,7 мың турист.
"2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтарда орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 27,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл тиісінше 19,8% артық",- деп хабарлады ведомство.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через