фото: pixabay.com
Шекарадан қатерлі азық-түлікті өткізбеуге Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті жауапты. Биыл комитет Түркістан облысында осындай зарарлы 60 тонна өнімді анықтаған.
Биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1 075 автокөлікке тиелген 15 637,802 тонна қызанақ өнімі импортталған.
Ал фитосанитария талабына (фитосанитариялық сертификаты жоқ, таңбасы жоқ) сай келмейтін 8 көлікке тиелген 29,522 тонна қызанақ өнімі өз еліне кері қайтарылған.
Сонымен қатар, өнімнің жасырын зарар жұқтырғанын анықтау мақсатында шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік фитосанитария сараптамасы (ПТР) жасалған.
Нәтижесінде Түрікменстан Республикасынан әкелінген — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасынан — 4,2 тонна қызанақтан «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» табылған.
Өнімдерді кіргізуге тыйым салынып, келген жағына қайтарылды.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через