Салынып бітпей жатқан LRT өртенді

Салынып бітпей жатқан LRT өртенді
фото: sputnik.kz

Астананың жаңа теміржол вокзалы маңында LRT құрылысынан өрт шықты.

"Бүгін Алматы ауданында "Нұрлы Жол" темір жол вокзалының маңында салынып жатқан ЖРК бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптардың жануы орын алды. ТЖМ күштері 30 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді", - деп хабарлады қалалық ТЖ департаменті.

Ұйымның хабарлауынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау керек.

ҚазАқпарат