Франция құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын сәтті бастады

Франция құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын сәтті бастады
фото: Gettyimages.ru

       Франция құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын сәтті бастады.  

       D тобында өнер көрсететін Франция мен Аустрия құрамасы арасындағы матч тартысқа толы өтті. Мбаппе бастаған француздық футболшылар Аутрия құрамасын минималды есеппен жеңді. "Эсприт Арена" стадионында өткен матчтың 37-минутында аустриялық футболшы Максимилиан Вебер өз қақпасына гол соғып алды. Дәл осы гол ойынның тағдырын шешті. Бұдан кейін қос құрама қанша тырысқанмен гол соға алмады. Тіпті Мбаппе 54-минутта қақпашымен бетпе-бет шығып, қақпадан қиыс тепті. 

       Айта кетейік, бұған дейін Е тобында ойнайтын құрамалардың алғашқы матчтағы жеңімпаздары анықталғанын жазған едік. 

       https://stan.kz/