Қытай бұрын соңды ешкім жасамаған тәжірибе жасады

Қытай бұрын соңды ешкім жасамаған тәжірибе жасады
фото: https://24gadget.ru

       Қытай ғарыш агенттігі (CNSA) Чанъэ-6 аппаратын Айға ұшырды. 

Қытай ғарыш агенттігі Айда түсірілген кадрларды жариялады. Қону платформасының борттық камералары айналаның суреттерін, топырақ сынамаларын алу процедурасын түсірді. Жабдықтары бар қону алаңы да бүйірден суретке түсірілді. Бұл суреттерді аппарат Айға қонғаннан кейін мини-ровер арқылы түсірген.

CNSA мәліметтері бойынша, топырақ сынамаларын алу процесі әдеттегідей өтті. Бұрғы көмегімен екі метрге дейінгі тереңдіктен топырақ алынған. Барлығы екі келіге жуық топырақ алынуы керек. Бірақ топырақтың нақты салмағы аппарат Жерге келгеннен кейін белгілі болады.

Құрылғылар Айдың орбитасында біраз уақыт болады. Жерге оралу 25 маусымға жоспарланған.

Жаңа жобаның ерекшелігі – аппарат Айдың арғы жағына жетеді. Бұған дейін ешкім мұны жасамаған.

https://bugin.kz/