Қырғызстан елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салды

Қырғызстан елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салды
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@polina-tankilevitch/

       Қырғызстанда елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті қаулыға 5 маусымда Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті қол қойды.

Бұл шара елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін өнімнің нарықтық бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ көктемгі-жазғы және жазғы-күзгі кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

Қырғызстанда жұмыртқа өндірісі 90-100%-ға жеткені, ал жазғы-күзгі кезеңде елдегі үй шаруашылығындағы жұмыртқа өндірісі айтарлықтай өскені атап өтілді. Бұл ретте елге азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін өнімдерді әкелу қаупі артып отыр.

Ветеринариялық бақылау стандарттары нашар елдерден тауық жұмыртқасын әкелу құс тұмауы мен сальмонеллез сияқты инфекциялар мен аурулардың таралуына әкеліп, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Тыйым 6 ай мерзімге енгізіледі және Қырғыз Республикасы арқылы жұмыртқаны қайта экспорттауға, транзитке және ЕАЭО бір субъектісінен екіншісіне оның аумағы шегінде тасымалдауға таралмайды. 

https://kaz.inform.kz/