фото: pixabay.com
National Geographic журналының сайтында Қазақстан туризмі туралы мақала жарияланды.
Материал «Неліктен 2024 жыл – Қазақстанды танудың ең жақсы уақыты?» деп аталады.
Автордың жазуынша, ұлы даланың кең жазық даласы бүгінде заманауи қалаларымен, іс-шараларымен және көлік тораптары арқылы әлемге өзін танытып келеді.
Әсіресе Алматының тауы мен табиғаты, Көлсай, Қайыңды, Шарын сынды туристік орындар келушілерді бей-жай қалдырмайды. Қазақстанның орталығын көргісі келгендер Жібек жолы бойындағы Шымкент пен Түркістанға бара алады. Ел батысындағы Маңғыстау, Каспийдің жағасы мен Үстірт қорығы да – басты туристік бағыттардың бірі.
Материалда қазақтың ұлттық тағамдары мен күзде өтетін Көшпенділер ойыны туралы да айтылған.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через