Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек?

Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек?
фото: pexels.com

Елімізде алаяқ азаймай тұр. Тіпті айла-тәсілдері күрделеніп, күн сайын арбаудың жаңа амалдарын ойлап тауып жатыр. 

Бас прокуратура қазақстандықтарға сақтанудың жолдарын айтып, тағы ескерту берді, деп жазды qazaqstan.tv.  

Бас прокуратура қазақстандықтарды қырағы болуға шақырып жатыр. Өйткені алаяқтар адамдарды алдап, ақша табу үшін күн сайын түрлі әдістер ойлап табуда. Енді интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек? Ең қарапайымынан бастайын. Банк немесе коллекторлық агенттіктің қызметкерімін деп хабарласқан, картаның нөмірі мен артындағы үш санды сұрағандарға бірден «жоқ » дейміз. Себебі банк қызметкерлері мұндай ақпарат сұрамайды. Шотыңызға шабуыл жасалды деп хабарласатындар да көбіне алаяқтар болуы мүмкін. Қазақстан телеарнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы

Соңғы кездері шетелде тіркелген нөмірлерден аудио немесе бейне қоңырау шалу да көбейген. Күмәнді болса, жауап бермеңіз. Себебі, алаяқтар бейнеңізбен биометриялық тексеруден өтіп кетуі мүмкін. Аудио қоңырау да қауіпті. Полицейлер күдікті адамға телефомен «Иә» немесе «Жоқ» деп айтпауға кеңес берген.

Жасанды интелектінің көмегімен банк тексеруінен өтіп кетуі мүмкін. Алаяқтардың тағы бір әдісі мессенджерлер арқылы сілтеме жіберу. Мысалы таныс нөмірден байқауға қатысып жатқан жақынымды қолдаңыз, дауыс беріңіз деген «өтініш» келеді. Сілтемеге өтсеңіз вирус сіздің деректеріңізді ұрлауға кіріседі. 

Соңғы уақытта танымал мемлекеттік қызметкерлердің атынан жалған аккаунт ашып, күмәнді хабарламалар жіберу дерегі жиіледі. Күдік тудыратын парақшаларға өтпеу керек. Жалпы интернет алаяқтарды ұстау оңай емес, қылмыстың 7 пайызы ғана ашылған. Себебі киберқылмыскерлер көбіне шетелде отырып істейді. 

Былтыр интернет алаяқтар 44 млн қазақстандықтың 140 млрд теңгесін жымқырған. Алаяқтардан айла артылмай тұрғанда өзіңізге абай болыңыз. 

eGov сайтында, eGov mobile қосымшасында 6 айға дейін өз еркіңізбен несие рәсімдеуден бас тарта аласыз. Бұл алаяқтардың сіздің атыңыздан онлайн несие рәсімдеуінен сақтайды.