фото: pixabay.com
Қазақстанда атом электр станциясын салу ұсынысы референдумда мақұлданса, шамамен 10-12 миллиард доллар бөлінеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің консультативтік құжатында айтылған.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда энергетика саласында бірқатар проблема бар.
Бұл мәселенің, мынадай шешімдері ұсынылады:
- Баламалы энергия көздерінің барлық түрлері бойынша жаңартылатын энергия көздері туралы заңда көзделген преференцияларды 2026 жылға дейін кеңейту.
- Заңнамалық деңгейде көміртегісіз баламалы энергия көзі ретінде атом энергиясын анықтау.
- Қазақстанда 2040 жылға қарай 5 триллион теңгеге дейін инвестиция тартуға әкелетін сутегін өндіруге жағдай жасау.
Қазақстан бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан реттеуге ынталы. Жалпыхалықтық референдумда атом электр стансасын салу мәселесі мақұлданған жағдайда бұл нысанға 10-12 миллиард доллар инвестиция салынады.
Құжат 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через