Дәрігер жазда имунитетті көтерудің оңай әрі қызық әдісін атады

Дәрігер жазда имунитетті көтерудің оңай әрі қызық әдісін атады
фото: https://pixabay.com/ru/

       Терапевт, дәрігер Андрей Рябков жазда имунитетті көтерудің қызық әдісін атады. Айтуынша күн жылы мезгілде жалаң аяқ жүру қан қысымын қалыпқа келтіруге, суық тию, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі. 

       Маманның айтуынша бұл сонымен қатар майтабан белгілерінің де алдын-алуға көмектеседі. 

       "Табанда көптеген жүйке талшықтары бар. Ал жалаң аяқ жүргенде олардың белсенділігі жоғарылайды. Сондықтан күн сәулесімен қыздырылған жерде аяқ киімсіз жүруді ұмытпаңыз", — деді терапевт.

       Маман сонымен қатар адамның контрасты душ қабылдауы қартаймаудың ең жақсы әдісі екенін алға тартты. Айтуынша бұл ағзаның суыққа да, ыстыққа да тез бейімделуіне көмектеседі. Ал контрастты душты қабылдауға ең қолайлы кез жаз мезгілі. 

       Рябков ашық күн астында ванна қабылдап, суға түсуге де кеңес берді. Алайда, күн сәулесінен қорғайтын құралдар мен бас киімді қолдануды ұмытпауға шақырды. Ол таңертең 11- ге дейін немесе сағат 16:00-ден кейін ғана қыздырынатын ең қауіпсіз уақыт екенін ескертті.

       “Демалыс күндерін жазда таза ауамен демалуға болатын орындарда өткізген дұрыс. Бұл иммунитетті нығайтуға, шаршаңқылықты басуға және тыныс алу жүйесіндегі мәселелерді шешуге көмектеседі”, – деді Андрей Рябков. 

       Терапевт сонымен қатар белсенді өмір салтын ұстануға кеңес берді. Ол ең болмағанда көлікке мінбей көбірек жаяу жүруге шақырды. 

       “Жазда табиғат аясында спортпен шұғылдану мүмкіндігін пайдаланып қалу керек. Мәселен, жүгіріп, велосипед теуіп, ашық йога сабақтарына қатысуға болады. Немесе арнайы бассейндерде жүзу де ұсынылады”, – деп қосты Андрей Рябков.

       https://stan.kz/