фото: pixabay.com
Жоғары аудиторлық палата Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында аудит жүргізіп, бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың 27%-ында құрылыстың нормативтік мерзімі сақталмағаны анықтаған. Тіпті кейбір жобалардың іске асырылуы 10 жылға дейін созылып кеткен. Уақытында аяқталмаған жобалардың 60%-дан аса қымбаттаған, деп хабарлады kaz.inform.kz.
«Осы төрт өңірде орындалмаған жұмыстарға 3,4 млрд теңге төлем жасалған. Сондай-ақ өңірлерде өте маңызды және қажетті объектілердің мақсатына сай пайдаланылмау фактілері болып отыр. Мысалы, Семей қаласында 2023 жылы 1,7 млрд теңгеге салынған «Орталық» қазандығы жанар-жағармай станциясына жақын орналасқандықтан, пайдаланылмай тұр. Жезқазған қаласында 2023 жылы шамамен 600 млн теңгеге салынған тұрғын үйге әлі күнге дейін ешкім қоныстанбаған», - деді Әлихан Смайылов.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында өңірлерге бөлінген 5 трлн теңге субвенцияның тиімсіз игеріліп жатқанн айтылды.
«Әкімдіктерге өңірдегі міндеттерін шешу үшін дербестік берілді. Дегенмен жекелеген жағдайларда қаражаттың орталық деңгейде жоғары игерілуі өңірлерде төмен нәтиже көрсетіп отыр. Өңірлерге берілетін субвенциялар шамамен 5 трлн теңге болып отыр. Олар соңғы 3 жылда екі еседен артық өскенғ деді.Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через