Бүгін футболдан Қазақстан мен Армения құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді

Бүгін футболдан Қазақстан мен Армения құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді
фото: pixabay.com

Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан және Армения құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді.

Ойын Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.

Кездесу сағат 23:25–те Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Жолдастық кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. .

Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте өзара кездесті. Оның төртеуінде Армения жеңіске жетсе, екеуінде Қазақстан басым түсті. Бір ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 103-орында тұрса, Армения 95-орында келеді. 

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады. 

Сондай-ақ ел құрамасы 11 маусымда Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салсақ, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.

Дереккөз kaz.inform.kz.