фото: pixabay.com
Бұған дейін оқушылар сарайы есігінің ішкі жақтауына есірткі таратылатын мекенжай көрсетілген QR код ілінгені туралы айтылған еді.
«Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменовамен бір жұмыс тобындамыз. Оқушылар сарайына өз басым барып тексеріп көрдім, расында да QR код есірткіні таратуға қатысты болып шықты, біз оны тез арада алып тастадық. Біздегі мәлімет бойынша, қазір құқық қорғау органдары мәселенің мән-жайын саралап жатыр», - деді «ESBOL» қорының төрағасы Жандос Ақтаев Kazinform агентігі тілшісінің сұрағына жауап бере тұрып.
Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова есірткінің QR код арқылы таралып жатқанын айтқан болатын.
«Қазір QR код арқылы синтетикалық есірткілердің таралуы көп таралып жатыр. Мысалы, облыс орталығында көше атауы жазылған тақтайшадағы QR кодты басқан кезде, есірткі таралатын мекенжайлар байқалған, тағы бір оқиға кеше ғана әлеуметтік желіде айтылып жатыр, Астана қаласындағы Оқушылар сарайы есігінің ішкі жақтауына QR код ілінген, оны ашып қараса есірткі таратылатын мекенжай көрсетілген. Осы орайда ақпараттық қауіпсіздік мақсатында қандай іс-шаралар қолданасыздар?» - деп Жұлдыз Сүлейменова ІІМ өкіліне сауал қойды.
Айта кетейік, бүгін Астанада есірткі қылмысының digital-картасы іске қосылды.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через