Зиянды шығарындылар көлемі 2 жарым млн тоннаға жетті

Зиянды шығарындылар көлемі 2 жарым млн тоннаға жетті
фото: pixabay.com

Елімізде ауаның ластануына негізгі себепші жылу орталықтары мен мұнай және тау-кен секторлары. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Экология министрлігінің дерегі бойынша,  өткен жылдың өзінде зиянды шығарындылардың көлемі 2 жарым млн тоннаға жеткен.

 Осы олқылықты алдын алу үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Алайда, бұл мәселенің түбегейлі шешімі емес. Министрлік өзге де ауқымды шараларды қолға алынып жатқанын айтты. Атап айтсақ, өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасы бекітілді.
 

Айдар Абдуалиев, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары брифинг:

Ең ірі 50 өнеркәсіптік кәсіпорын үшін шығарындыларды 20%-ға төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті; өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталары іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруда. Өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасы бекітілді. 532 іс-шараның 204-і орындалды.