фото: https://www.istockphoto.com/
9-11 мамыр күндері Испанияның Мадрид қаласында «Жаһандық әйелдер саммиті» форумы өтеді. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева барады.
Жаһандық әйелдер саммиті Испания патшайымы Летицияның қамқорлығымен жыл сайын ұйымдастырылады.
Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келетін әйел көшбасшылары әзірлеген шешімдері және стратегияларын бөлісу арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін талқылау жоспарланып отыр.
«Сапар аясында Назира Нұрбаева „Әйелдер: болашақ экономикасын жандандыру“ тақырыбындағы министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстелге қатысып, Қазақстанның гендерлік саясаттағы елеулі жетістіктерін және Қазақстан Үкіметінің, БҰҰ-Әйелдер құрылымының және қазақстандық әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ҮЕҰ бірлескен күш-жігері туралы ақпарат ұсынады», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через