фото: pixabay.com
Үкімет басшысы Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына жіберді.
Бұл құжат Мемлекет басшысының аталған аймаққа жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобасы Түркістанның рухани және тарихи орталығы ретінде қалыптасып дамуына негіз болмақ. Сондай-ақ мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, түркі әлемінің рухани астанасы атанған қаланы туристік орталық ретінде дамытуды көздейді.
Бұдан бөлек Қожа Ахмет Ясауи сынды бірегей кесенелер мен тарихи объектілерге қауіп төндіретін құрылыс, шаруашылық қызметті жүргізуге тыйым салынбақ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через