Студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізілуі мүмкін

Студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізілуі мүмкін
фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта медициналық білім беру саласындағы анағұрлым өзекті мәселелердің бірі медициналық жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер санының шамадан тыс көп болуы. 

Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы бұл фактор білім беру ресурстарының үлкен жүктемесі және білім беру сапасының төмендеуіне әсер ететінін алға тартып отыр.

«Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына да әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медицинаның білім беруіне деген сенімін төмендетуде және денсаулық сақтау жүйесі үлкен сынға түсуде», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл мәселе бүгін министрлік басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында талқыланды.

Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылмақ.

Дереккөз kaz.inform.kz.