фото: pixabay.com
Сеулдің ірі ауруханаларындағы медициналық профессорлар жұма күні екі аптаның ішінде үшінші демалыс күнін алды. Олар үкіметтің медициналық шараларына наразылық ретінде жұмыс орындарынан кеткен практикант дәрігерлердің орнын толтырудан шаршағанын айтты, деп жазады kaz.inform.kz.
Арухана мәліметінше, шаршаған профессор-дәрігерлер демалысқа кеткенде, ауруханалардағы ауыр науқастар мен стационарлық көмекке мұқтаждар қараусыз қалады.
30 сәуір мен 3 мамыр күндері дәігерлер демалыс алды, бірақ қоғамдық денсаулық сақтаудағы елеулі үзілістер туралы хабарланған жоқ.
Жұма күні Сеулдің төрт ірі ауруханасында — Сеул ұлттық университетінің ауруханасында, Асан медициналық орталығында, Северанс ауруханасында және Сеулдегі киелі Мария ауруханасында кейбір медицина оқытушылары ерікті демалыс алды.
Жалпы ауруханалардағы аға дәрігерлер саналатын профессорлар 20 ақпаннан бастап медицина саласындағы студенттердің санын 2000-ға көбейту жоспарына наразылық ретінде жұмыс орындарынан кеткен шамамен 12000 практикант дәрігерлермен апта сайынғы демалыс күндерін бастады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через