фото: https://work.vk.com
Медитация, аффирмация. Бүгінгінің жан тыныштығы саналып жүрген демалыс түрі. Ал бұл бізде 8 ғасыр бұрын пайда болған. Үрмелі аспап саналатын сазсырнай нағыз терапия дейді мамандар. Қаздың жұмыртқасындай ғана мына аспап күйзеліспен күресте мықты қару дейді мамандар. Байырғы қазақтар уілдек деп бесіктің басына да іліп қойған. Ол жел соққанда дыбыс шығарып, баланы алдандырады.
Кәсіби маман сазсырнайды 50 секундта жасай алады. Ал жаңадан үйренсеңіз 3 минут қана уақыт жұмсайсыз. Арнайы таңдалған сазды иі қанғанша илеп, қалыпқа салып кептіріп, кейін 1200 градуста күйдіреді. Шеберханасында күніне 100-150 сазсырнай әзірлейтін Азамат Бақия оны жасап отырудың өзі ептілікке үйретеді, әрі ой демалысы дейді.
Сазсырнайды ойнағанда алдымен өкпеге ауаны көбірек жинайсыз. Кейін жәй-жәй шығарасыз. Ал бұл өкпе қабаттарындағы шырышты қабықты қатайтады. Тамырдың кішкентай капилярларына, өкпе мен жүрекке дейін оттегіге толады. Ал оттегі аз болса, вирус еніп, өкпе суланып кетуі мүмкін.
Үні қоңыр әрі жұмсақ, жағымды. Аспаптан шыққан акустикалық тербеліс адам жанын тыныштандырып, жайлылық сыйлайды. Тек осы адам жанын ғасырлар бойы тербеткен сазсырнайдың әуезіне кейінгі ұрпақта елтіп, қадірін біліп өссе екен дейсің.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через