Биыл Құрбан айт мейрамы 16 маусымда тойланады
коллаж Almaty.tv
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды almaty.tv.
Құрбан айт мейрамы 16 маусымда тойланады. Ол күн жексенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан жәй демалыс күні болып саналды.
Осылайша, қазақстандықтар 2024 жылғы Құрбан айтта 1 күн ғана демалады.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады.