Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, - деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі.
Бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66 орынға орналасқан еді.
"Біздің еліміз мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: бағалық бәсекеге қабілеттілік (2 орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5), денсаулық сақтау және гигиена (23), табиғи (30) және мәдени ресурстар (48), сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы (43) және туристік инфрақұрылым мен сервис (47)", - делінген хабарламада.
Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.
Дереккөз kaz.tengritravel.kz.