Қарағандылық музыкант авторлық трегі үшін «Алтын диск» иегері атанды

Қарағандылық музыкант авторлық трегі үшін «Алтын диск» иегері атанды
фото: pexels.com

21 жастағы қарағандылық Арыстан Әбілдин «Сен жалғызсың» әні үшін «Алтын диск» иегері атанды. Жас музыкант бұл әнді сүйіктісіне арнаған.

Арыстан Әбілдин жастар арасында «Colorit» лақап атымен танымал. Қазір жігіт Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті. Ол «Сен жалғызсың» әнін қарағандылық қызына арнады.

«Ол өзін жариялағанды аса ұнатпайды, сондықтан оның есімін айта алмаймын. Бірақ мен бір нәрсені айтайын: ол мені тек осы трек үшін ғана емес, басқа да көптеген жұмыстар үшін шабыттандырды. Жалпы, менің репертуарымда 15 ән бар. Трегімнің миллиондаған таралымы мен қаралымы үшін «Алтын диск» алдым. Бұл дыбыс жазу саласында мойындалғанымды білдіреді», - дейді Арыстан.

музыка

Фото: Арыстан Әбілдиннің жеке архивінен

Арыстан музыканттар отбасында дүниеге келген. Анасы дирижер, ал әкесі музыка мектебін басқарды. Жас музыкант бірнеше музыкалық аспаптарда ойнайды, ән айтып, шоу-индустрияның әр саласында өзін сынап жүр. 2022 жылы оның хит әні 45 миллион рет тыңдалып, «платина дискісін» алды.

«Мен әлемдік сахнаға шығып, қазақ әуендері мен өз әндерімді африкалық ұрмалы аспаптарды пайдалана отырып, тыңдарманға жеткізуді армандаймын. Әсіресе, маримбаның дыбысы ұнайды. Қазақ орындаушыларының ішінде рухани құндылықтары жағынан маған Димаш Құдайберген жақын. Маған оның қарапайымдылығы, зерделілігі ұнайды. Сондай-ақ M’Dee, Игорь Крутой, Бруно Марс және The Weeknd жұмыстарына тәнтімін», - дейді музыкант.

«Алтын диск» Арыстанның биылғы жалғыз жеңісі емес. Жақында ол ТМД елдерінің атынан шыққан TikTok платформасындағы байқауға қатысты. Ол ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен «Жәй ғана күл» әніне түсірілген бейнебаянды араластырып, бірінші орынды жеңіп алды.

Арыстан Абильдин

Фото: Арыстан Әбілдиннің жеке архивінен