фото: Semey News
Қазақстанда соғыс ардагерлері биыл 3833 доллар көлемінде, яғни кемінде 1 жарым млн теңге бір жолғы қаржылай көмек алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 50 мыңнан астам ардагер мен Жеңіске үлес қосқандарға 3 млрд теңге көмек қарастырылған. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүргізілмек.
Айта кету керек, қазір елімізде 148 соғыс ардагері бар. Оның 108-і майданда болған. 40 адам түрлі жарақат алған. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі.
Соғысқа қатысқан бұрынғы КСРО елдерінде барлық ардагер көмек алады:
Қазақстан – 3833 $
Тәжікстан – 2300 $
Өзбекстан 1570 $
Беларусь – 1227 $
Әзербайжан – 1176 $
Қырғызстан – 1130 $
Грузия – 750 $
Молдова – 565 $
Ресей - 107 $
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через