Әзербайжан СІМ басшысы Қазақстанға бейбітшілік процесін ілгерілетудегі қолдауы үшін алғыс айтты

Әзербайжан СІМ басшысы Қазақстанға бейбітшілік процесін ілгерілетудегі қолдауы үшін алғыс айтты
фото: https://rtek24.ru/

     Алматыда Әзербайжан мен Армения республикасының сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірдегі ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты.
Әзербайжан тарапы Әзірбайжанның Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен соңғы кезде кеңейіп келе жатқан қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сондай -ақ экономика, сауда, инвестиция, энергетикалық қауіпсіздік, көлік және коммуникация салалары бойынша екіжақты әріптестікпен қатар өңірлік және халықаралық платформалардағы, атап айтқанда түркі мемлекеттерінің ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың кең келешегі бар екені атап өтілді.

https://kaz.inform.kz/