фото: pixabay.com
Әппақ шұлық - әрбір адамның гардеробында кездеседі. Алайда шұлықты жуған соң бастапқы реңі қалпына келе қоймайтыны рас.
Сарапшылар қандай өнімдер ақ түсті шұлықтарды ағартуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.
Табаны қарайған ақ шұлықты қалай жууға болады?
Ақ шұлықты жууға және суға салып кірін езу үшін лимон қышқылы мен шырынын, сутегі асқын тотығын, ас содасы мен сірке суын, ағартқыш және аспиринді қолдануға болады. Лимон қышқылы мен шырыны матадағы талшықтарына қарамастан, аппақ шұлықтар киілгеннен кейін сұр бола бастайды. Үй шаруашылығы бойынша сарапшы Мэри Марлоу Леверетт ақ түсті шұлықты лимон қышқылымен және лимон шырынымен ағартуға кеңес береді. Лимон қышқылы матаны жұмсақ етеді, кір молекулалары мен мата талшықтары арасын ажыратады.
Мына әдістерді жасап көріз: Су қайнатып, кір жууға арналған ыдысқа құйыңыз. 3 литр қайнаған суға 1/2 стақан лимон шырынын және 1 ас қасық лимон қышқылын салыңыз. 1-2 ас қасық кір жуғыш ұнтақ қосыңыз. Шұлықтарыңызды лимон қышқылын қосып дайындап алған суға салып, 4-6 сағатқа қойыңыз. Шұлықты ерітіндіден алып, әдеттегідей жуыңыз. Кірдің көп бөлігі табанның сыртқы бөлігінде болады. Сондықтан шұлықты суға салып жуған кезде ішін сыртқа қарай айналдырмаңыз.
Фото elements.envato.com.
Сутегінің асқын тотығы шұлықтағы қара дақтарды кетіру үшін сутегі асқын тотығын пайдалануға кеңес береді. Бұл өнімнің матаны ағартатын қасиеті бар, сондықтан ақ шұлықты жууға өте ыңғайлы. Ол үшін осылай жасаңыз: Ыдыс жууға арналған сұйықтықты 3% сутегі асқын тотығымен 1:2 қатынасында сұйылтыңыз. Шұлықтарыңызды жылы суға салып, қоспаны шұлықтың табанына және басқа лас жерлеріне жағыңыз.
Шұлықты бүктеп немесе түтік тәрізді орап, пластик пакетке салыңыз. 3-4 сағат бойы осылай қалдырыңыз. Ыдысқа ыстық су құйыңыз, кір жуатын ұнтақ қосыңыз және шұлықты қолмен жуыңыз, бүлінген жерлерін жақсылап ысқылаңыз. Осы әдіспен жуылған шұлықтағы дақтар кетеді. Шұлық матасына сутегі асқын тотығы әсер етпейді, ал шұлықтар ұзақ уақытқа дейін жарамды болады. Ас содасы және сіркесу Ақ шұлықты кірлетпей кию қиын. Оны бірнеше рет жуғаннан кейін түсі өңіп, сұрланып кетеді. Ақ шұлықты ас содасы және сірке суымен қалай жууға болады? Шұлықты сода қосылған суға салып, оған сірке суын қосыңыз. Кір жуған кезде осы өнімдерді қолданыңыз.
Жуу әдісі мынадай: Кір жуатын ыдысқа жылы су толтырыңыз. Суға ас содасын салып, сірке суын құйыңыз (1 литр суға 2 ас қасық сода, 1 ас қасық сірке суы). Ерітіндіге ақ шұлықты салып, бірнеше сағатқа қалдырыңыз (түнімен салып қоюға болады). Дақ пен кір жерлерін қолыңызбен ысқылап жуыңыз, шұлықты сыққан соң машинаға салып жуыңыз. Шұлық өте қатты кірлеп кетсе, кәдімгі кір жуатын қоспаға ½ кесе ас содасын қосыңыз. Ас содасы матаны қатайтуы мүмкін, сондықтан шайған кезде оны жұмсарту үшін суға 100 мл 9% сірке суын құйыңыз. Кір жуған кезде ақ шұлықтың түрлі-түсті заттармен араласып кетпеуін қадағалаңыз. Қоспаға салып алғаннан кейін оларды ақ киімдермен бірге кір машинасына салуға болады.
Фото pexels.com.
Содан кейін дымқыл шұлықты ағартқышқа салыңыз: Шылапшынға жылы су толтырыңыз. 1 л суға 4 ас қасық мөлшерінде ағартқыш қосыңыз. Кір жууға арналған сұйық қоспадан 1 ас қасық қосып, жақсылап араластырыңыз. Шұлықтарды қоспада 10-15 минутқа қалдырыңыз. Шұлықтың жолағы бар жоғарғы бөлігі ерітіндіге түспеуі керек. Шұлықтарыңызды салқын сумен шайыңыз. Кейін әдеттегідей қайтадан жуыңыз. Жоғары концентрациядағы хлор ағартқышы ақ заттарды сары ететінін ескеріңіз. Сондықтан шұлықтарыңызды қоспаға салғаннан кейін қымбат заттармен бірге жууға болмайды.
Аспирин Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) шұлықтарда жиналатын тер мен кірді жақсы кетіреді. Бұл дәрінің көмегімен шұлық қайтадан қардай аппақ болады. Аспиринді осы схема бойынша қолданыңыз: Бірнеше дәріні әбден ұнтақтатыңыз. Бұл шамамен бір ас қасық болуы керек. Ұнтақты 1 литр жылы суға салып ерітіңіз. Шұлықты қоспаға салып, 1-2 сағатқа қалдырыңыз. Шұлықты шайып, сығып алыңыз. Шұлықтарыңызды әдеттегідей машинамен немесе қолмен жуыңыз. Шұлықтарды машинада жуған кезде барабанға кір жууға арналған шар тәрізді қоспаларды салыңыз. Аппақ шұлықтың кірін кетіріп жуу үшін 40–50 °C дейінгі суды пайдаланыңыз. Егер шұлықтардың өрнектері бар болса, 40°C-қа дейінгі температудағы суды пайдаланыңыз. Салқын суға жусаңыз, қалағаныңыздай нәтиже бермейді және шұлықтарда дақ қалып қояды. Ақ түсті шұлықтар әр киген сайын жууды қажет етеді. Біз ұсынған әдістердің бірін пайдаланып, шұлықтардың ақ түсін сақтауға әрі таза ұстауға болады. Ал алдын-ала қоспаға салып жуу көп күш жұмсамай, дақтарды кетіруге мүмкіндік береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через