фото: pexels.com
Үлкен қоқыстардың дұрыс шығарылмауы - Алматы үшін өзекті мәселелердің бірі. Шаһардың «Мәдени қала» атағы болса да, 2 миллионға жуық тұрғыны бар мегаполисте рұқсат етілмеген аймаққа жарамсыз диван, дөңгелек сынды үлкен қоқыстарды тастап кететін жағдайларды жиі көруге болады.
Күн сайын Алматыда 2 мың тоннадан астам қатты-тұрмыстық қоқыс жиналып, қала сыртындағы қоқыс сұрыптау зауытына шығарылады. Бірақ қатты тұрмыстық қалдықтармен бірге, ірі қоқыс алынбайды. Себебі Алматы қаласы мәслихатының шешімімен №505 бапқа сәйкес баспалдақ алаңдарында, кіреберістерде немесе контейнерлер маңындағы контейнерлік алаңдарда үлкен көлемді қоқыстарды жинауға тыйым салынады.
Мұндай орындарға үлкен қоқысты тастап кету айыппұлға әкелуі мүмкін:
- Жеке тұлғалар үшін - 20 АЕК;
- Заңды тұлғалар үшін - 30 АЕК.
Қала әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес, алматылықтар үшін матрац, дөңгелек, ескі диван немесе қажетсіз тоңазытқыш сынды ірі қоқысты экологиялық таза түрде тапсыруға арналған екі мекен-жай қарастырылған. Олар:
- 7-ші көше, 134/12 (Алғабас ықшам ауданы);
- 144-ші есептік тоқсан, 4690 (Айтей ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы).
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через