Ағзаға магний жетіспесе, қандай аурулар туындауы мүмкін?

Ағзаға магний жетіспесе, қандай аурулар туындауы мүмкін?
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы өзінің инстаграм-парақшасында магний жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды атады.

"Қазір 80% адамда бұл дефицит бар. Оған немқұрайлы қарамаған дұрыс. Өйткені магний - кальций сияқты ең қажет элемент", - дейді дәрігер. 

Ағзаға магний жетіспейтінін мына белгілерден білесіз:

  • аяқ-қолдың ұюы, шаншуы, бұлшықет тартылуы;
  • көңіл күйдің өзгеруі, апатия;
  • ұйқының бұзылуы;
  • күйзеліске тез түсу, ашуланшақтық;
  • іш қату, өттің іркілуі;
  • холестерин деңгейінің жоғарылауы.

Магний ағзада 500-ге жуық химиялық реакцияға қатысады.

Ағзада бұл элемент өте аз болса, аритмия (жүрек ырғағының бұзылуы), остеопороз, гипертония, демікпе тәрізді аурулар пайда болады. Магнийсіз кальция сіңірілмейді. Сол себепті де остеопороз пайда болады.

Магнийдің негізгі қызметтері:

  • жүйке жүйесін тыныштандыру;
  • ішек жұмысын жақсарту;
  • өттің бөлінуіне көмектесу;
  • жүрек ырғағын дұрыстау;
  • артериялық қысымды түсіру;
  • кальциймен бірігіп сүйекті нығайту;
  • дәрумендердің ағзаға сіңуіне көмектесу.

"Магнийді тағамнан алған дұрыс. Алайда ағза коректік заттарды өзіне сіңіру үшін ішек сау, гормондар тепе-теңдігі сақталған, ал зат алмасу үздіксіз жүріп тұруы керек", - дейді Айжан Қалдыбекқызы.

https://massaget.kz/