фото: gov.kz
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар енді ешқайда бармай-ақ, өтінішін онлайн жібере алады.
Көмек көрсетуді барынша жеңілдетіп, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында eGov mobile базасында qoldau.gov.kz порталы әзірленген. Ол барлық қажетті мәліметті бір жерде жинақтау үшін құрылған, деп хабарлады ktk.kz сайты.
Порталда мемлекеттік және уәкілетті органдардың атқарып жатқан шаралары мен жалпы көрсетіліп отырған көмектің нақты ақпараты жарияланады. Деректер мүмкіндігінше тез жаңартылып, қосылып отырмақ.
Өтінішті жеке тұлғалардан бөлек, бизнес өкілдері де онлайн жіберіп, ол бойынша қандай істер орындалып жатқанын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через