Елімізде медициналық қызметтердің тарифі өзгереді

Елімізде медициналық қызметтердің тарифі өзгереді
фото: https://pixabay.com/ru/

       Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен көтеруді бастағанын мәлімдеді. 

       Министрлік медициналық қызметтердің тиімсіз тарифтерін қайта есептегенін атап өтті

       "Басты мақсат – медициналық ұйымдарға түсетін қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету", – делінген хабарламада.

       1 маусымнан бастап жүкті әйелдерге , сондай-ақ стационарлық жағдайда жатқан балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтеріледі.

       Құрсақ қуысы хирургиясы, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология-ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты басқа да бірқатар салалар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр.

       "Тарифтерді көтеру азаматтардың медициналық көмек алуға өз қалтасынан шығатын шығындарын қысқартады, сондай-ақ медициналық ұйымдардың соңғы жылдары жинақталған инфляциялық шығындарын өтейді және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді", – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

       Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығындарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.

       Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын оңтайландыру нәтижесінде сақтандыру активтерінен бөлінген қосымша қаражаттың жалпы сомасы босатылып, 20 миллиард теңгеге жетеді.

       Stan.kz