Астанада жаңа аудан құрылады

Астанада жаңа аудан құрылады
фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Елордадағы Алматы ауданы екі бөлініп, қайта құрылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

"Халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Астанада алтыншы аудан құру туралы бастама көтерді.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылады:

өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданы (ауданы –8 518 га);

жалпы ауданы 6 953 га болатын жаңа әкімшілік аудан.

Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

ҚазАқпарат