фото: Алматы қаласы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
2023 жылы 2,6 миллионнан астам қазақстандық Азаматтарға арналған үкіметтен төлқұжат пен жеке куәлік алды. Салыстыратын болсақ, 2022 жылы 2,3 миллион азаматқа жеке басын куәландыратын құжат берілген болатын.
Оның ішінде өткен жылы алматылықтар 400 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік алды. Медеу аудандық ХҚО-да орнатылған құжаттама терминалдары арқылы 5,5 мыңға жуық адам өтініш берген.
"Алматы ХҚО-лары арқылы 427 303 шетелдік паспорттар мен жеке куәліктер берілді. Бұл ретте өткен жылы 5300 адам Медеу аудандық ХҚО-дағы құжаттау терминалдары арқылы өтінім берді. Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтінім беруге мүмкіндік береді.Осы жылы жылы Әуезов аудандық ХҚО-да да құжаттандыру бойынша терминалдар орнату жоспарлануда", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) - 4 АЕК. Жеке куәлікүшінтөлем 0,2 АЕК-тіқұрайды.
Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы мемлекеттік қызметтер қатарында болды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через