2023 жыл қазақстандықтарға несімен есте қалды

2023 жыл қазақстандықтарға несімен есте қалды
фото: adyrna.kz

     2023 жыл еліміз үшін айтулы оқиғалар мен жағымды жаңалықтарға толы болды. 

Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктер мен оқиғалар төмендегідей: 

2023 жыл - түркітілдес елдер арасында белгілі қазақ композиторы Темірбек Жүргеновтің жылы деп белгіленді. Темірбек Жүргенов қазақ халқына ғана емес, түркі әлеміне танымал тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, сыншы-көсемсөзші, белгілі композитор деп танылған..

2023 жылы “Қазақ” газетінің 110 жылдығы аталып өтті. “Қазақ” газеті ұлттық журналистика тарихында маңызға ие басылым. Алғаш ашылған күннен бастап халқымызға оқу мен білімді насихаттап, көкірек көзін ашуға бағытталған газет. 

Қазақстан 2023 – 2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Дүниежүзілік мұралар комитеті құрамына 21 ел кіретін ЮНЕСКО-ның аса маңызды органы. Еліміз осы комитеттің мүшесі болып қабылданды.

Димаш Құдайберген Қазақстанның “Халық әртісі” атанды. Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Димаш Құдайберген “Халық әртісі” атанды. 

Әлеуметтік саладағы  айтулы оқиғалар төмендегідей: 

Биыл қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті.

14 қарашада елімізде халық саны 20 миллионға жетті. Деректер базасының мәліметіне сүйенсек, 14 қараша таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген 5 сәби еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Нәрестелер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында туған. 

2023 жыл 15 қараша – Ұлттық теңгеміз 30 жасқа толды. 1993 жылдың 12 қарашасында төл теңгеміз Ұлттық валюта жайлы Заң қабылданды. Ал 15 қарашадан бастап сауда-саттық құралы ретінде нарыққа енді. 

“Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында 2024 жылдан бастап балаларға ақша бөлінетін болды. Жобаға 18 жасқа толмаған қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылар ақшаны үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауына болады. Тіпті шетелде оқуға мемлекет рұқсат беріп отыр.

2023 жылдың спорт саласындағы айтулы жетістіктері:

Тарихи жеңіс: қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Еркін күрестен қазақтан шыққан әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов болса, егемен ел тарихында Ризабек тұңғыш алтын иегері атанды.

Шахматтан Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысын ұтты. 23 жастағы Әлішер Дохада болған Qatar Masters Open турнирінің екінші кезеңінде әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді.

18 жастағы Зухра Ирназарова нысана көздеуден Азия ойындарының чемпионы атанды. Зухара Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 560 ұпай жинады. Осылайша Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен басым түсіп, чемптон атанды. 

Тарихи жеңіс: Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтынды алды. Аса ауыр салмақтағы әйелдер арасында финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен ұтқан.

Футбол тарихында ұлттық құраманың тарихи жеңісі: Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына алғаш рет шықты. Қазақстан футбол құрамасы сырт алаңда Финляндиямен ойнап, қарсылас команданы 2:1 есебімен ұтты.