фото: zhas zhanary.kz
2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары үшін қандай өзгеріс болатыны белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқыту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
"Сол мақсатта қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" оқу пәні екінші сыныптан бастап оқытылатын болады.
Орыс тілінде оқытатын сыныптарда бірінші сынып оқушылары "Қазақ тілі" және "Букварь" пәндерін оқитын болады", – делінген министрліктің хабарламасында.
Ал "шет тілі" оқу пәнін барлық бастауыш сынып оқушысы үшінші сыныптан бастап оқиды.
"Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды", – деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.
Ақпарат дереккөзі: https://kaz.nur.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через