200 қазақстандық өндіруші Ozon-ға шықты
Үстіміздегі жылғы 21-22 қазан аралығында QazTrade алаңында және ҚР-дағы РФ Сауда өкілдігінің қолдауымен Ozon маркетплейсі өкілдерінің ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, сондай-ақ ҚР бірқатар мемлекеттік органдарының сарапшылар құрамымен кездесулері өтті.
Мәселен, 21-і күні Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің өкілдерімен және QazTrade басшылығымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар сатып алушылардың құқықтарын қорғау, өнімді қайтару, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді аталған алаңға шығару бойынша өзара іс-қимылдың практикалық мәселелерін талқылады.
Айта кету керек, Ozon — бұл сату мен кірістердің өсуіне үлкен мүмкіндіктер беретін жаңа нарық, өйткені маркетплейстің айына қамту деңгейі 80 млн.пайдаланушыдан асады. QazTrade-нің Бас директоры Азамат Асқарұлы « ...2021 жылдың маусым айында қазақстандық компанияларға Озон платформасында қолжетімділік ашылғанын» атап өтті. Бүгінгі таңда платформада 200 қазақстандық кәсіпкер тіркелген».
Кездесу барысында тараптар Ozon халықаралық сауда алаңында қазақстандық тауарлар санының артуына ықпал ететін алдағы жоспарларды талқылады. Сондай-ақ, бағдарламада Техникалық реттеу комитетімен, Қазақтелеком компаниясымен және бірқатар мемлекеттік органдармен таңбалау жөніндегі ұлттық оператормен кездесулер өткізу де бар.
Сондай-ақ, QazTrade халықаралық маркетплейстерге шығу үшін отандық бизнеске ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететінін атап өту қажет. 2020 жылдан бастап Қазақстандық компаниялар QazTrade-нің көмегімен Alibaba платформасында 150-ден астам «Алтын жеткізуші» аккаунтын алды және шамамен 71 млн.АҚШ долларына экспорттық мәмілелер жасады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через