140 мың қазақстандық зейнетақыға пәтер алды

140  мың  қазақстандық  зейнетақыға  пәтер  алды

140  мың  қазақстандық  зейнетақыға  пәтер  алды

Қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін 1,3 триллион теңгеге жуық қаражат пайдаланды. 140 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының көмегімен тұрғын үй сатып алды.

Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану бағдарламасы іске қосылған жарты жыл ішінде 137 мың қазақстандық БЖЗҚ-дағы жинақтардың көмегімен баспаналы болды,-деп  хабарлады  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім қабылдау үшін  онлайн-платформа   23  қаңтарда  іске қосылды.

"Жарты жыл ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану  басталғаннан  бері  222  мыңнан астам қазақстандық платформа арқылы жалпы сомасы 1,281 триллион теңгеден асатын зейнетақы төлемдерін пайдаланды enpf-otbasy.kz", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 137 мың қазақстандық баспаналы болды, тағы 70 мыңға жуығы ипотекалық қарыздар бойынша берешектерін өтеді және 14 мыңнан астамы зейнетақылық артықтарын емделуге пайдаланған.

Зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша бірінші орында - Маңғыстау облысының тұрғындары (35 304 адам), жалпы сомасы 319 миллиард теңгеге жуық. Екінші орында-Нұр-сұлтан қаласы (34 414 адам), елорда тұрғындары шамамен 207 миллиард теңгені пайдаланды. Алматы үшінші  орынд  - 29 466 адам, алматылықтар жалпы сомасы 227 миллиард теңгеге жуық зейнетақы жинақтарын  пайдаланды.