11 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды

11 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды
фото: sputnik.kz

Қазақстанда 11 медициналық колледж мемлекеттік атестаттаудан өте алмады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Медициналық білім беру сапасы бойынша 91 колледж мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Оның 11-і аттестатталған жоқ.

"Мемлекеттік аттестаттау кезінде денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу жұмыс бағдарламаларына, базалық кәсіптік модулдерді оқытуға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, кадрлық әлеуетке, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар проблема анықталды", - дейді ведомство.

Бұл кемшіліктер бір жылда жойылуы керек.

"Кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар жіберілді және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қайта аттестаттау кезінде кемшіліктер анықталса, білім беру қызметіне лицензия қайтарып алынады, аттестаттаудан өтпеген медициналық колледждердің тізбесі білім министрлігіне жіберіледі", - дейді министрлік.

Қазақпарат