Мемлекет

Бөлісу

1 шілдеден бастап мемқызметкерлерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

  1 шілдеден бастап мемқызметкерлерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

Елімізде бірінші шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады. Қазір пилоттық жоба пысықталып жатыр. Нәтижесінде аталған қызметке қызығушылар саны артты. Ірі қалалар мен аймақтардағы еңбекақы айырмашылығы 70%-тен 16%-ке дейін қысқарған. Қазір елде 90 мың мемлекеттік қызметкер бар. Осы ретте өзге мемлекеттердің әлеуетіне тоқталайық. Оңтүстік Кореядағы көрсеткіш 1 млн 97 мыңнан асады. Мұндағы халық саны 52 млн-ға жуықтаған. Ал Ресейде 2,5 млн адам мемлекеттік қызметте. Соңғы жылдары мұндағы шенеуніктер саны 10%-ке азайған. Түркияда халық санына шаққанда әрбір 30-шы адам мемлекеттік қызметте. Яғни, 4,7 млн жан экономиканы өркендетіп жүр. Қытайдағы көрсеткіш 7,19 млн адамды құрайды.

 

                               Мемлекеттік қызметкерлер үлесі

 

          Мемлекет                   халық саны      мемлекеттік қызметкерлер

          Қазақстан                    19 млн                90 мың

          Оңтүстік Корея           52 млн                1,1 млн

          Ресей                            147 млн              2,1 млн

          Түркия                          84 млн                4,7 млн

          Қытай                           1,4 млрд             7,19 млн


Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через